Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 15 лауазымды тұлға кәсіпкерлердің құқығын бұзғаны үшін жазаланды

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл ақпаратты Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары — кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың мүшесі Қанат Қабдиев растады.

Оның сөзінше, осы жылдың басынан бері құрамында "Атамекен" мен прокуратура органдарының өкілдері бар бизнестің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа кәсіп иелерінен 65 өтініш келіп түскен.

Аталған фактілер бойынша заңдылықты бұзушылықты жою туралы 26 ұсыныс, алты наразылық енгізілді, сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларының жүйесі іске асырылды.

Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары 4 қыркүйектен бастап "Прокуратура туралы" Заңға түзетулер күшіне енгенін еске салды.

Жаңа өзгерістерге сәйкес қадағалушы органдарға кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар тарапынан араласу фактілері бойынша өтініштерін қарау құзыреті берілген.

Ал бұрын мұндай өтініштер уәкілетті органдарға жіберілетін. Енді прокурорлар бизнес субъектілерінің шағымдарына жедел әрекет етіп, олар бойынша тексерулер жүргізе алады, қажетті ақпаратты өздері белгілеген мерзімде сұрата алады және түсініктеме алу үшін адамдарды шақыра алады.

Одан бөлек, прокурорлар шоттарды негізсіз тыйым салу, мүлікті пайдалануға тыйым салу, қызметін тоқтата тұру, жұмыстағы уақытша және өзге де шектеулер сияқты заңсыз салынған шектеу және тыйым салу сипатындағы шаралардың күшін дереу жоя алады.

"Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен прокуратурасының бірлескен жұмысы барысында 10 заңсыз актінің күші жойылды, 155 заңсыз тексеру және бақылаудың өзге де нысандары анықталды, сонымен қатар 24 заңсыз тексеру жойылды. Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілері бойынша 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 20 бизнес субъектісін әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартуға жол берілмеді және жалпы сосмасы 125 000 теңге болатын 125 әкімшілік қаулы жойылды. Жалпы, өңірдің 8 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалды" - деді Қанат Қабдиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930576-almaty-oblysynda-15-lauazymdy-tulga-kasipkerlerdin-quqygyn-buzgany-usin-zazalandy/