Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда медицина қызметкері 15-тен астам адамға жалған вакцинация паспортын жасаған

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Оралда медицина қызметкері 15-тен астам адамға жалған вакцинация паспортын жасаған деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми сайты.

Қаржылық мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Орал қаласындағы емхана қызметкерінің заңсыз әрекетін анықтады.

Ведомствоның мәліметінше, медицина қызметкері ақшалай сыйақы үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы Денсаулық сақтау министрлігінің "Вакцинация" электрондық модуліне вакцина алғаны туралы жалған мәліметтер енгізген.

Осылайша, 15-тен аса адамға COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациядан өткені жайлы жалған электрондық паспорттар берілген.

"Тапсырыс берушілердің негізгі бөлігі – бұл мектепке дейінгі ұйымдардың және сауда саласының қызметкерлері. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді", - дейді Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Осы орайда ведомство жасанды вакцинация паспорттарын және ПТР-тесттің нәтижелерін дайындап, таратқандар үшін, сонымен қатар, тапсырыс берушілер үшін де қылмыстық жауапкершілік барын ескертті.

Ведомство бүгінді таңда жалған вакцинация паспорттарын жасау дерегіне қатысты еліміздің 13 өңірінде 20 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. 86 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930632-oralda-medicina-qyzmetkeri-15-ten-astam-adamga-zalgan-vakcinaciya-pasportyn-zasagan/

pixel