Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядан ұшып шыққан қазақстандық әуе кемесіне ұшу кезінде зақым келген

Опубликовано:

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстандық әуе компаниясының Даламан (Түркия) - Ақтау бағытында чартерлік жолаушылар рейсін орындаған ұшағының шассиіне зақым келген. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, авиациялық жағдайдың не себепті болғаны анықталып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 1 қыркүйекте "Kaz Air Jet" АҚ Cessna-525 UP-CS301 ұшағы Даламан (Түркия) - Ақтау бағыты бойынша чартерлік рейсті орындаған.

"Әуе компаниясының ақпаратынша, бортта экипаждың екі мүшесі мен екі жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақтың оң жақ дөңгелегі бүлінген, келтеқұбыры мен тежегіш құбыршегіне зақым келген", - дейді ведомство.

Ведомство осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу басқармасы бұның себебін анықтап жатқанын айта кетті.

Еске сала кетсек, бұған дейін қозғалтқышы істен шыққан санавиация ұшағы Алматыға қонғанын жазған едік.

Ұшақ сәтті қонған. Бортта экипаждың бес мүшесі мен екі дәрігер болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1930673-turkiyadan-usqan-qazaqstandyq-aue-kemesine-usu-kezinde-zaqym-kelgen/

pixel