jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Үндістанда әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі өрши бастады

Дерт
Көрнекі фото: Twitter / Collected

Үндістанда өлімге әкелетін нипах вирусы өрши бастады. Аурудың белгілері 11 адамнан анықталды деп хабарлайды РИА Новости.

Ауру ошағы Керала штатында тіркелді. Штаттың денсаулық сақтау министрі Вина Джорджтың айтуынша, дертті жұқтырғандардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.

"Кожикоде ауруханасы мен медициналық колледжінде 38 адам оқшауланған, олардың 11-де ауру белгілері пайда болды. Сегіз адамның сынамасы Ұлттық вирусология институтына сараптамаға жіберілді", - дейді Джордж.

Алайда, қазірдің өзінде вирустан қайтыс болған адам бар. Ол - 12 жастағы бала. Бүгінде дәрігерлер қайтыс болған баламен байланыста болған 251 адамды тексеруде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нипах вирусын әлемдегі ең қауіпті вирус деп сипаттайды.

Вирус жарқанаттар мен түлкілер арқылы таралуы мүмкін. Адам құрамында жануардың сілекейі бар тағамды жесе, дертті жұқтырады.

Өкінішке қарай, бұл вирустың емі жоқ, өлім деңгейі өте жоғары - 40-75 пайыз.

Еске салсақ, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың "Му" атты жаңа түрі тарала бастағанын мәлімдеген еді. Ұйым жаңа мутация ерекше бақылауда болатынын хабарлады.

Коронавирсутың "Му" нұсқасы B.1.621 атымен де белгілі. Ол әлемнің 39 елінде таралып үлгергендіктен, 30 тамызда ДДСҰ оны бақылаудағы аурулар тізіміне енгізуді ұйғарған.

Үндістанда әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі өрши бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.