Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда атеистердің құқығы заңдастырылмақ

Опубликовано:

халық1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

ОКҚ өткен онлайн-брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері жөніндегі комитет басшысы Ержан Нүкежанов елдегі дін туралы заңға түзетулер енгізілетінін айтты. Құжатқа дінге сенушілердің ғана емес, атеистердің де құқығын жазу жоспарланып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нүкежановтың сөзінше, ведомство мұндай шешімді өзге елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, қабылдаған. Сонымен бірге ол Қазақстан зайырлы мемлекет екенін еске салды.

"Біз дінге сенушілердің де, дінге сенбейтіндердің де құқығын қамтамасыз етуге ұмтылудамыз. Осыған байланысты біз түзетулер аясында әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, дінге сенбейтіндердің құқығы сияқты ұғымды енгізуді жоспарлап отырмыз.

Қазіргі уақытта дінге сенушілердің құқығы бар. Енді біз дінге сенбейтіндердің де құқығын енгізгіміз келеді. Біз зайырлы мемлекетпіз. Сол себепті дінге, конфессияға және этникалық сипатқа қарамастан заң бәрінен жоғары", - деді дін істері жөніндегі комитет басшысы Ержан Нүкежанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930828-qazaqstanda-ateisterdin-quqygy-zandastyrylmaq/

pixel