Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шоу-бизнес жұлдыздарының діни мәселелерді көтеруі дұрыс па: Тиісті мекеме жауап берді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте танымал тұлғалардың діни мәселелерді қозғауы туралы пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпарат.

"Соңғы уақытта шоу-бизнес жұлдыздары, қоғамдық пікір жетекшілері діни мәселелер туралы пікір айта бастады. Әлеуметтік желіде үлкен аудиториясы бар, бірақ арнайы діни білімі жоқ адамның дін тақырыбында сөйлеуі, пікір білдіруі қаншалықты дұрыс?", - деген сұрақ қойды БАҚ өкілі.

"Бұл мәселе өте өзекті, қазіргі уақытта діни білімі бар адамдар да, жоқ адамдар да пікір білдіріп жатады.

Менің айтарым, дін тақырыбы – өте күрделі, өте нәзік тақырып, сол себепті оған дайындықпен келген дұрыс. Бұл салада ой айту үшін, ұсыныс беру үшін саналы түрде ақыл-ой жинақтап келу керек және сол саланың маманы болу қажет.

"Шымшық сойса да, қасапшы сойсын" деген қазақта мақал бар. Яғни, әр саланың маманы болу керек.

Ал қандай да бір үрдіс үшін немесе өз танымалдығы үшін мемлекеттікке, бірлікке нұқсан келтіруге болмайды, бұл шатасуға алып келеді.

Сондықтан мамандар жұмыс істеуі қажет. Әрине басқалар да өз пікірін білдіруге ерікті, бірақ халықты адастырмауы қажет", - деді дін істері комитетінің төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930849-sou-biznes-zuldyzdarynyn-dini-maselelerdi-koterui-durys-pa-tiisti-mekeme-zauap-berdi/

pixel