Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа оқу жылында ЖОО студенттері қанша шәкіртақы алады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Биылғы оқу жылы оффлайн форматта басталды. 1 қыркүйектен бастап оқушылар мектепті, студенттер университет пен колледжді бетке алды. Осы орайда, мемлекеттік грантта оқитын студенттердің шәкіртақысы қандай көлемде екенін профориентолог маман Жадыра Тойбай айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бакалаврда оқитын студенттер үшін шәкіртақы – 31 423 теңге. Егер 5-ке оқыса, ұлғайтылған шәкіртақы алады, ол – 36 136 теңге. Оны студенттер арасында "повышка" деп те атайды. Көпшілік студент тап осы "повышка" үшін жанын салып оқитынын да жақсы білеміз.

Педагогикалық бағытта оқитын студенттер үшін шәкіртақы көлемі - 50 400 теңге. Ал 5-ке оқыса, ұлғайтылған шәкіртақы – 57 960 теңгені құрайды.

Магистратурада оқитындар – 76 950 теңге шәкіртақы алады. 5-ке оқыса, ұлғайтылған шәкіртақы – 88 492 теңге. Докторантураға түскендерге шәкіртақы – 172 500 теңге. Сабақты 3-ке оқыса да, 5-ке оқыса да осы шәкіртақы осы мөлшерде болады", - деді маман.

Еске салсақ, бұған дейін магистратура мен докторантураға қабылдау талаптарына өзгеріс енгізілгені туралы жазған едік.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, енді құжаттар қараша айында да қабылданатын болады.

"Енді магистратура мен докторантураға қабылдау жылына екі рет өткізіледі. Яғни, магистратура мен докторантураға түсу емтихандары дәстүрлі түрде тамыз айында және қосымша желтоқсан айында ұйымдастырылады.

Осы норма 2021 жылы күшіне енеді деп жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері кешенді тестілеу мен түсу емтихандарын қосымша ұйымдастырады. Құжаттарды қабылдау қараша айында басталады", - деген еді Асхат Аймағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930930-zana-oqu-zylynda-zoo-studentteri-qansa-sakirtaqy-alady/

pixel