jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Жауын
Көрнекі фото: wallpapertip.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында 8 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын назарға ұсынды.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстік-батысында, солтүстік, шығыс, оңтүстік және орталығында жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, Ақмола облысының орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Казақстанның қалған аумағында антициклон жотасының әсерімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде тұман, солтүстік, шығыс және орталығында бұршақ болуы ықтимал.

Ақмола облысының солтүстігі мен орталығында тұман, бұршақ күтіледі, батыс және оңтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/c, күндіз оңтүстік-шығыста кей уақытта екпіні 25 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында найзағай, түнде және таңертең шығыста тұман күтіледі, облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіліп, найзағай кезінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды облысының батыс және солтүстігінде найзағай, күндіз солтүстігінде бұршақ, батыс, солтүстік және орталығында желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, түнде облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Күндіз Павлодар облысында жел күшейеді, күші 15-20 м/с, солтүстік және оңтүстігінде екпіні 23 м/с болады.

Түнде Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдап, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Таңертең және күндіз Түркістан облысында жел 15-20 м/с дейін күшейіп, таулы аудандарда екпіні 25 м/с болады, облыстың солтүстігі және батысында шаңды дауыл болады.

Түнде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Ақтобе, Қостанай облыстарының солтүстігі және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.