Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

7 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты ресми ақпараттарды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында жария етті.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3 639 жағдайы тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 824 118 жетті.

Дертті жұқтыру бойынша ең жоғары көрсеткіштер Алматы қаласында және Қарағанды облысында тіркеліп отыр.

Ел өңірлерінде дертті жұқтыру саны келесідегідей:

Нұр-Сұлтан қаласында - 326,

Алматы қаласында - 911,

Шымкент қаласында – 145,

Ақмола облысында – 217,

Ақтөбе облысында - 207,

Алматы облысында - 265,

Атырау облысында - 80,

Шығыс Қазақстан облысында - 154,

Жамбыл облысында - 75,

Батыс Қазақстан облысында - 83,

Қарағанды облысында - 350,

Қостанай облысында - 187,

Қызылорда облысында - 98,

Маңғыстау облысында - 188,

Павлодар облысында - 218,

Солтүстік Қазақстан облысында - 79,

Түркістан облысында - 56.

Еске салсақ, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың "Му" атты жаңа түрі тарала бастағанын мәлімдеген еді. Ұйым жаңа мутация ерекше бақылауда болатынын хабарлады.

Коронавирсутың "Му" нұсқасы B.1.621 атымен де белгілі. Ол әлемнің 39 елінде таралып үлгергендіктен, 30 тамызда ДДСҰ оны бақылаудағы аурулар тізіміне енгізуді ұйғарған.

Одан бөлек, Үндістанда өлімге әкелетін нипах вирусы өрши бастады. Аурудың белгілері 11 адамнан анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930943-qazaqstanda-otken-taulikte-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel