jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Оралда қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан азамат ғашығымен некесін қидырды

Түрме
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Оралдағы түрмелердің бірінде қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан азамат сүйіктісімен некесін қидырды деп жазады "Мой ГОРОД" басылымы.

Облыстың бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енгелі бері түзеу мекемелерінде сотталғандардың туыстарымен көрісуіне қайта рұқсат етілген. Шектеулер алынып тасталған алғашқы күні-ақ қатаң режимдегі РУ-170/3 түзеу колониясында сотталушы некесін қидырды.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, АХАЖ қызметкері жас жұбайлардың некесің қиып, куәлік табыстау үшін түрмеге арнайы шақырылған.

"Қалыңдық пен күйеу жігіт бұл сәтті коронавирустық пандемияның салдарынан ұзақ күтті. Кездесу сәті эмоцияға толы болды, қалыңдық қуаныштан көзіне жас алды. Кодекске сәйкес, некені арнайы келген АХАЖ бөлімінің қызметкері тіркеді. Ол карантиндік шектеулерді сақтай отырып, салтанатты шараның барлық рәсімін өткізді", - деп атап өтті басапсөз қызметінде.

Күйеу жігіттің айтуынша, олардың некесінің беріктігі бір-біріне деген сүйіспеншілік пен сыйластыққа негізделген және бостандығы шектелгені отбасылық бақытына еш кедергі болмайды. Ерлі-зайыптылардың ортақ хоббиі бар - балық аулау, музыка және спорт. Сондай-ақ, болашақта жас жұбайлар кемінде үш бала сүйгісі келетіндерін жасырмады.

"Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ерлі-зайыптылардың бірі өмірлік серігімен ұзақ уақыт бойы кездесуге рұқсат алуға құқылы. Қамауда отырған адамдардың әлеуметтік пайдалы байланыстарын сақтау мекеме қызметкерлерінің ең маңызды міндеті болып табылады", - деді мекеме басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бағлан Ойықбаев.

Жас жұбайларды мекеме қызметкерлері құттықтап, неке қию туралы куәлік табыс етті.

Оралда қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан азамат ғашығымен некесін қидырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.