jitsu gif

Семейде 17 жастағы студент жоғалып кетті (фото)

1
Фото: instagram/ go_semey

Семей қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім іздестірілуде деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 қыркүйек күні үйінен колледждегі оқуына шығып кеткен Сымбат Сабыров сол күйі қайтып оралмаған.

"102" жедел арнасына қоңырау шалған азамат 17 жастағы ағасының жоғалып кеткендігін жеткізді. Оның айтуынша, жасөспірім "Шығыс" саяжай қауымдастығындағы үйден сағат 13:00 шамасында шыққан.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жоғалған күні Сымбат Сабыров ақ көйлек, қара шалбар мен қара туфли киген. Тәртіп сақшылары оның қайда екендігінен қандай да бір хабары бар азаматтардан "102" немесе 8-747-836-48-53, 8-778-124-89-19 нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.