Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында шенеунік өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жамбыл облысында шенеунік өлі күйінде табылды. Болған жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 2 қыркүйекте Талас аудандық полиция бөліміне Қаратау қаласы көшелерінің бірінде оқ жарақатын алған ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген. Олар алдын ала болжам бойынша марқұм өз атына тіркелген аңшы мылтығынан өзіне оқ атқанын анықтаған. Көп ұзамай ер адамды туыстары таныған.

Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қылмыстық кодекстің 105-бабы, 1-бөлігі бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етуге жатпайды", - дейді Жамбыл облысы полиция департаментінен.

Ал Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі inbusiness.kz басылымына марқұмның Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі секторының меңгерушісі болып жұмыс істегенін хабарлаған.

Сонымен бірге, өткен жылдың соңында аталған бөлімнің бұрынғы басшысы Нұрлан Күдертаевқа қатысты тергеу басталғаны белгілі болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931045-zambyl-oblysynda-seneunik-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel