RU

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Kevin Frayer/Getty Images

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректер жаңарды. Оған сәйкес, өткен тәулікте 4106 адамнан коронавирус анықталған деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 329
  • Алматы қаласы - 976
  • Шымкент қаласы - 150
  • Ақмола облысы - 201
  • Ақтөбе облысы - 222
  • Алматы облысы - 330
  • Атырау облысы - 127
  • Шығыс Қазақстан облысы - 201
  • Жамбыл облысы - 79
  • Батыс Қазақстан облысы - 124
  • Қарағанды облысы - 549
  • Қостанай облысы - 178
  • Қызылорда облысы - 92
  • Маңғыстау облысы - 185
  • Павлодар облысы - 229
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 81
  • Түркістан облысы - 53.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 828 224-ке жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 6926 адам дерттен жазылып шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін елордалық маман коронавируспен ауырған адамның дәм сезу, иіс сезу жүйесіне зақым келсе оны қалай қалпына келтіруге болатынын айтқан еді.

Анар Асубекованың сөзінше, коронавирус жұқтырған науқастың өкпесі қабынған кезде, шырышты қабаттың ісінуі пайда болады. Салдарынан иіс сезу жүйкесі зақымданып, біраз уақытқа дейін адамда иіс сезу, дәм сезу нашарлап тұрады. Тіпті мүлдем сезбей қалады. Бұл ісіну кеткеннен кейін ақырындап қана орнына келеді екен.

Ал порцесті жылдамдату үшін мұрынды тұзды сумен немесе арнайы ерітінділермен күнделікті шайып отыру керек, ісіну аздап басылғаннан кейін хош иісті заттарды иіскеп, жүйке функциясын қайтадан қалпына келтіруге болады дейді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931148-otken-taulikte-4106-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/