Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура: Банктер қазақстандықтардың ақшасын негізсіз ұстап отырған

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Прокурорлар бірнеше қазақстандық банктің азаматтардан несиелері мен қарыздары бойынша қаражатты негізсіз ұстау фактілерін анықтады деп хабарлайды Бас прокуратураның ресми сайты.

Қадағалау органы Еңбек кодексінің 115-бабы және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 23-бабына сәйкес, жалақы мен зейнетақы сомасының 50 пайызынан астамын өндіріп алуға тыйым салынғанын еске салды.

Алайда бірқатар қазақстандық банк азаматтардың шотынан белгіленген лимиттен артық ақша алып отырған.

Мұндай фактілер Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда анықталған.

"Бұл проблема банктердің ақшалай қаражаттың банктік шотқа түскенге дейін жүргізілген атқарушылық іс жүргізу бойынша ұстаулардан хабардар болмауының салдарынан орын алуда.

Осындай әрекеттердің нәтижесінде қарыз алушылар өздерінің жалғыз табыс көзінен заңсыз айырылған, бұл халықтың наразылығын тудыруда", - дейді Бас прокуратура.

Бас прокуратураның ұсынуы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі аталған проблеманы келесі шараларды қабылдау арқылы шешкен:

  • клиенттің өтініші негізінде банктердің және сот орындаушыларының артық төленген соманы 5 жұмыс күні ішінде қайтару алгоритмі қолданысқа енгізілді;
  • Қазақстан банктерінің базасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен интеграцияланды.

"Агенттіктің пікірінше, бұл банктерге барлық кредиторлардың еңбекақы немесе зейнетақыдан жалпы ұсталынған сомалардың заңда белгіленген 50 пайыздан аспауы үшін олардың клиентінен қандай шегерімдер жасалғанын көруге мүмкіндік береді", - дейді ведомство.

Осы ретте Бас прокуратура заңсыз өндіріп алу фактілері орын алған жағдайда азаматтар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, оның аумақтық бөлімшелеріне немесе прокуратураға шағыммен жүгінге алатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931198-bas-prokuratura-bankter-qazaqstandyqtardyn-aqsasyn-negizsiz-ustap-otyrgan/

pixel