RU

Коронавирус пен тұмауға қарсы вакцинаны бірге алуға бола ма

Вакцина
Көрнекі фото: Andreas Rentz/Getty Images

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина салынса грипптің вакцинасын алуға бола ма деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз тұмауға қарсы вакциналауды үнемі өткіземіз. Қазір коронавирусқа қарсы да вакциналау жүргізіліп жатыр. Екі вакцина арасында 2-4 апта интервал сақталуға тиіс. Демек егер адам коронавирусқа қарсы вакцина алған болса тұмауға қарсы екпені тек екі аптадан астам уақыттан кейін салғызуына болады. Әрине өзін жақсы сезінсе, еш жері ауырмаса" - , деді Бекшин.

Сонымен қатар ол неге екі вакцинаны да алу қажет екенін түсіндірді.

"Бір мезетте коронавируспен де, тұмаумен де сырқаттанып қалған жағдайда ағзаға ауырлық түседі. Оны екінің бірі жеңе алмайды, әсіресе жасы 65-тен асқан созылмалы аурулары бар адамдарға ауыр тиюі мүмкін. Сондықтан екі екпені де алған дұрыс", - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бекшин коронавирустың "йота" штамы қарт адамдар арасында коронавирустан қайтыс болу деңгейін арттыруы мүмкін екенін айтқан еді.

"Йота" өткен жылдың қарашасында Нью-Йоркте табылған. Оның жұқпалылығы Ухан вирусына қарағанда 15 пайыз жоғары. Бүгінде қауіпті штамм әлемнің 27 елінде анықталды. Бұл штамм туралы көптеген мәліметтер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да алаңдап отыр. Көбінесе 65 жастан асқан адамдар зардап шегеді", - дейді Жандарбек Бекшин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931259-koronavirus-pen-tumauga-qarsy-vakcinany-birge-aluga-bola-ma/