Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемен көшесіндегі әскери техника тұрғындардың үрейін ұшырды (видео)

Опубликовано:

Әскери техника
Фото: Sputnik Қазақстан

Өскемен қаласының тұрғындары әскери техника тиеген жүк көліктерінің видосын әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. Тұрғындарды үрейлендірген кадрға қатысты әскерилер түсініктеме берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қорғаныс министрлігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қарулы Күштердің бөлімдері мен құралымдарында жауынгерлік оқудың жаңа кезеңі – батальондық тактикалық топтарды даярлау басталды.

"Батальондық тактикалық топтардың құрамындағы сабақтарға 70 сағаттан астам уақыт бөлінеді. Осы сабақтар барысында шабуыл жасау және қорғану тақырыптары, арнайы әскери іс-қимылдар жүргізу, ауданды оқшаулау жөніндегі тапсырмаларды орындау, іздестіру іс-қимылдарын жүргізу, заңсыз қаруланған топтарды жою, маңызды объектілерді күзету, мемлекеттік шекара күзетін күшейту зерделенеді.

Батальондық тактикалық топтың оқу-жаттығуы оқудың соңғы кезеңі болып табылады", – деді Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов.

Өскемендегі әскери бөлім басшылығы да бұл ақпаратты растады. Семей горнизонының "Шығыс" полигонында 9-23 қыркүйек аралығында өтетін бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуларына қатысу үшін жеке құрам және әскери техника сол жаққа жеткізіледі. 

Видеоға 27943 әскери бөлімінің техникасын полигонға жөнелту сәті түсірілген. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931260-oskemen-kosesindegi-askeri-texnika-turgyndardyn-ureiin-usyrdy-video/

pixel