Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекшин: Алматылықтар маска тақпайды, той өткізеді

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мегаполисте 20-39 аралығындағы адамдардың коронавирус инфекциясын жұқтыруы жиілегенін жеткізді деп хабарлайды Азаттық рухы.

Оның айтуынша, Халықтың бұл санатының вакциналану белсенділігі төмен және олар  карантин режимін де жиі бұзады.

Эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша 20-39 жас аралығындағы азаматтарда қауіпті індетті жұқтыру 31,2%, 40-59 жастағыларда 24%, 60 жастан асқан қарт адамдарда 23% құрап отыр.  

"Жалпы, соңғы аптада инфекция жұқтыратын негізгі орындар бұрынғыша сауда объектілері - 34%, отбасылық байланыс - 19,5%, қоғамдық көліктер - 17,8% құрайды", - деді Жандарбек Бекшин.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің сөзінше, коронавирустың "төртінші" толқыны аяқталған жоқ. Бірақ вирустың таралуы төмендей бастаған.  

"Азаматтар дерттің қаншалықты қауіпті екенін түсінулері тиіс. Әсіресе 60 жастан асқан адамдар қауіп тобында, өйткені, өлім көбінесе халықтың осы санатында болады. Жасына қарай көптеген адамдарда созылмалы аурулар бар, дерт жұққан кезде олар өрши түседі. Сондықтан ремиссия кезеңінде екпе алу қажет. Коронавирусты вакцина ғана жеңеді", - деді ол.

Жандарбек Бекшин халықты вакциналауды күшейтуге және қоғамдық орындар мен көліктерде маска режимін сақтауға шақырды. Ол қала тұрғындарынан адамдар көп жиналатын нысандарға, түнгі клубтарға, мейрамханаларға, кафелерге бармауға және үйдегі бұқаралық іс-шараларды шектеуге шақырды.

Бас санитардың айтуынша, алматылықтар тойды тоқтатпай отыр. Маска тағу режимін де елемейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931265-beksin-almatylyqtar-maska-taqpaidy-toi-otkizedi/

pixel