jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Есімнен танғанша ұрды": Тәліптердің қолына түскен ауған журналистері қорқынышты күнді еске алды

Журналистер
Фото: MARCUS YAM / LOS ANGELES TIMES /GETTY IMAGE

Тәліптердің қолына түскен ауған журналистері басынан өткерген жайттарды баяндады деп хабарлайды Би-би-си.

Интернетте тарап кеткен суреттерден Etilaatroz басылымының екі журналисін байқауға болады. Бет-жүзі көгеріп, қан-жоса болған журналистер Кабулда наразылыққа шыққан халықты таспаға түсіруге барған кезде тәліптер қамауға алған.

Солардың бірі Таки Дарьяби өзін аудандық милиция бөліміне алып кеткен сәтті есіне алды. Сөзіне сенсек, фотограф Этилаатроза Нематуллой Накдимен бірге сәрсенбі күні Кабулда наразылыққа шыққан әйелдерді түсіруге барған оны тәліптер бөлімшеде әбден азаптаған.

Электр сымымен, қамшымен, шоқпармен аяусыз соққыға жыққан. Артынша, себебін еш түсіндірместен бостандыққа жібере салыпты.

"Олар мені өзге бөлмеге алып кетіп, қолыма кісен салды. Қорғануға әрекеттенсем, одан бетер ұратынын түсініп, еденге жатып алдым. Осылайша, тым құрымағанда бетім мен ішкі ағзаларымды соққыдан қорғағым келді. Сегіз адам жабылып, таяқпен, шоқпармен, рәзеңкемен, қолына түскен затпен ұрды. Бетімнен тепкен сәтте аяқ-киімінің ізі тыртық болып қалып қалды. Содан кейін есімнен танғанымды түсініп, ұрғанын тоқтатты. Олар камерасы бар өзге ғимаратқа мені алып барып, сол жерде қалдырып кетті", - дейді Дарьяби.

Зардап шеккен өзге азамат Нематулла Накдидің айтуынша, "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) өкілдері одан наразылық сәтін суретке түсірмек болғанында, фотоаппаратын тартып алғысы келген.

Ауғанстанның Tolo ақпараттық агенттігі операторын тәліптер үш сағат бойы қамауда ұстағанын хабарлады.

Ал CPJ халықаралық үкіметтік емес ұйымның дерегінше, елде соңғы екі күнде кемінде 14 журналист қамауға алынып, кейін босатылған.

Ескерту: Фотода қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністері бар және оларды кәмелетке толмағандарға, психикасы тұрақсыз адамдарға және жүкті әйелдерге қарау ұсынылмайды!

"Есімнен танғанша ұрды": Тәліптердің қолына түскен ауған журналистері қорқынышты күнді еске алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.