Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талибан Кабулдағы қабырға суреттерін үстінен бояп тастады

Опубликовано:

Кабулдағы кабырғаға салынған сурет
Фото: Twitter/@OmaidSharifi

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) мүшелері батыс елдерінің үгіт-насихаты тақырыбындағы суреттерді үстінен бояп тастады деп хабарлайды Fox News.

Қабырға суреттерінде Джордж Флойдтан бастап АҚШ пен Талибан арасындағы келісімге қол қоюға дейін, ауған босқындарының суға кетуі мен Ауғанстандағы гуманитарлық қызметі үшін елде құрметті жапондық гуманитарлық қызметкер доктор Тецу Накамураның өліміне дейінгі суреттер болған.

Бұл суреттердің көбін ауған белсендісі Омаид Шарифи бастаған Artlords өнер ұжымы жасаған.

"Басталды. "Талибан" біздің суреттерімізді жойып, бояп тастады. Олар #DohaDeal келісіміне қол қойған тарихи суреттен бастады", – деді Шарифи Twitter-дегі парақшасында.

Тәлібтер Кабулдың айналасындағы қорғаныс қабырғасын қоршап тұрған суреттердің үстінен бояп, олардың орнына өздерінің идеологиясын қолдайтын қысқа тіркестерді жазып қойған.

Накамура картинасының үстінде пушту тілінде жазылған сөйлемдердің бірінде былай делінген: "Исламдық жүйе мен тәуелсіздікті қорғау үшін шыдамдылық пен қажырлы еңбек қажет".

Еске сала кетейік, "Талибан" ұйымының жауынгерлері Кабулда оқ атқан еді. Мұнда жергілікті тұрғындар тәліптерге қарсы ереуілге шыққан болатын.

Айта кеткен жөн, еліміздің Сыртқы істер министрлігі мемлекат басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстаннан 35 қандасымыздың тарихи отанына оралуы ұйымдастырылғаны туралы хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931443-taliban-kabuldagy-qabyrga-suretterin-ustinen-boyap-tastady/

pixel