Қазақстанда карантин жеңілдетіледі: Бас санитарлық дәрігер жаңа қаулыға қол қойды
Жарияланған күні:
Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, Қазақстанда карантин шаралары біртіндеп жеңілдейді. Құжат санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды.
Қаулының бірінші бөлімінде "Қазақстан темір жолы" АҚ тапсырма берілген.
"Жұмыс пойыздарын қоспағанда, жолаушылар пойыздарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмауға қаулы етемін", - делінген құжатта.
Сонымен бірге, құжатта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар билігі қабылдауы тиіс бірқатар шаралар көрсетілген:
- жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау мақсатында қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік санын ұлғайту;
- ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беру (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);
- қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу;
- Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беру;
- жиналыстарды офлайн режимде өткізуге рұқсат беру (қашықтықтан өткізу мүмкіндік болмаған кезде);
- өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, "Балдәурен" РОСО және "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы" РМҚК қызметіне рұқсат беру;
- спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алғаны туралы құжатты ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беру;
- қаулыға қосымшада көрсетілген критерийлер негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу (құжаттың толық мәтінімен осы сілтеме арқылы таныса аласыз).
Сонымен қатар, қаулыда егер өңірлерде
- 5 күн бойы эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда, яғни "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа немесе "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өтсе, онда шектеу шаралары күшейтілетіні;
- "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа немесе "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өткен соң 7 күннен кейін карантиндік шаралар жеңілдетілетіні жазылған.
Жаңа қаулы 13 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931495-qazaqstanda-karantin-zenildetiledi-elimizdin-bas-sanitarlyq-dariger-zana-qaulyga-qol-qoidy/