Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан полициясы "Еуропадан жұмыс іздеймін" деп алданып қалғандарды іздестіруде

Жарияланған күні:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елорда полициясына 70 азамат арызданған. Айтуынша, компаниялардың бірі "шетелге жұмысқа орналастырамыз" деп тақырға отырғызып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілеме жасап.

Полиция арыз-шағымдарды алғаннан кейін Еуроодақ елдерінде азаматтарды жұмысқа орналастырамыз деген желеумен ақша жымқырды деп күдікке ілінген "AS Senim Business Group" ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тергеушілер анықтағандай, аталған компания 2019 жылдың қыркүйегінен бастап азаматтарға Дания, Норвегия, Нидерланды, Германия және т.с.с. Еуропа елдерінде жұмысқа орналасуды ұсынған.

Қазақстандықтар мұндай мүмкіндік жайлы хабарландырудан оқып, аталмыш серіктестікке жүгінген.

Компания өз клиенттеріне электрші, дәнекерлеуші, сылақшы, тігінші, кірпіш қалаушы және т.б. мамандықтар бойынша жұмысшылар қажет екенін айтып, еңбек шарттарын ұсынған.

Осыған қарамастан, компания өз міндеттемелерін орындамағаны және бірде-бір клиентті жұмысқа тұрғызбағаны анықталған.

Өткен жылдың қазан айында полиция аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ал шетелде қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген күдіктіге 2020 жылдың қарашасынан бастап халықаралық іздеу жарияланған.

Осы жылдың тамызында күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау туралы Германияға өтінім жіберілген.

Осы орайда құзырлы орган "AS Senim Business Group" ЖШС-нің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен барлық азаматтарды Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша орналасқан полицияның тергеу бөліміне келесі нөмір бойынша хабарласуын сұрайды: 7 (7172) 71-62-22, + 7 (771) 060-09-00 немесе 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931518-nur-sultan-policiyasy-europada-zumys-isteimin-dep-aldanyp-qalgandardy-izdestirude/