Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда төлем жүйесінен 11 млн теңге жымқырған қылмыстық топ ұсталды

Опубликовано:

Төлем терминалдары
Фото: polisia.kz

Атырау облысы полиция департаменті криминалды полиция басқармасының қызметкерлері өңірде ірі көлемде қаражат жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлеріне ЖШС-нің қауіпсіздік қызметкері хабарлама берген. Тәртіп сақшылары дереу жедел іс-шара ұйымдастырып, нәтижесінде аталған ЖШС-те бұрын қызмет атқарған қызметкерлер екеніндігін анықтады.

Олардың бірі қазіргі күнге дейін сол жерде жұмыс жасап, мәліметтермен бөлісіп отырған.

Тінту кезінде 31 жастағы ер адамның үйінен алты дана төлем терминалдары, компьютерлік компоненттер және қосымша перифериялық құрылғылар табылып, тәркіленді.

Топ мүшелерінің бірі төлем жүйесіне кіру парольдерімен қамтамасыз етсе, енді бірі ұрланған ақшаларды өзара бөліп отырған.

"2021 жылдың 21 наурызынан бастап шілденің 4-іне дейінгі уақыт кезеңінде белгісіз тұлғалар төлем жүйесіне заңсыз қол жеткізу жолымен жалпы сомасы 11 170 000 теңге ақша қаражатын ұрлады", – дейді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Мәлімделеріне сүйенсек, алты адамнан тұратын топ қылмыстық әрекеттерін үш ай бойы іске асырып келген. Қазіргі уақытта 26-31 жас аралығындағы 6 күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктілер кінәларын толықтай мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931523-atyrauda-tolem-zuiesinen-11-mln-tenge-zymqyrgan-qylmystyq-top-ustaldy/

pixel