Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам сенгісіз оқиға: Павлодарлық отбасы тері астындағы жәндіктерден екі ай бойы зардап шегіп келеді

Опубликовано:

Дәрігер1
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарлық отбасы Ақтауда жұқтырған тері астындағы жәндіктерден екі ай бойы зардап шегіп келеді. Облыста бүгінге дейін қаралмаған дәрігерілері қалмапты. Зәресі ұшқан тұрғындар түнде ұйқыдан айырылған. Мұның қандай паразит екені анықталмай жатыр. Тіпті Ұлттық сараптама орталығының ең мықты деген мамандарының өзі белгісіз жәндіктің не екенін біле алмай отыр деп жазады 31 арна.

Анна Пахомова мен оның 13 жасар қызы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. Өйткені, тері астынан шыққан паразиттердің қайдан пайда болғаны әлі белгісіз. Суға түскен уақытта жәндіктердің іздері көрінеді екен. Тіпті, қанатты жәндіктердің тері сыртына шыққан кезі де болды, дейді олар.

Анна Пахомованың сөзінше, денелерінен шығатын жәндіктің не екендігі белгісіз.

"Ғаламтордан қарағанымызда бүргеге ұқсас жәндік екендігін анықтадық. Бірақ бұл нақты сол ма, сол емес пе беймәлім", - дейді ол.

Павлодар қаласының тұрғындары ауруханада бір апта жатқан. Жүргізілген ем-шаралардың арқасында денедегі жәндіктер жойылғанымен, орындары әлі де бар, дейді дәрігерлер.

"Ұлттық сараптама орталығына диагнозы жіберілді. Қорытынды диагноз паразиттің түрі анықталмаған. Қазіргі нақты жағдайда науқастар үйіне шығарылды. Жағдайлары қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ, дене температуралары қалыпты", - деді Павлодар облыстық инфекциялық ауруханасының дәрігері Гүлфайруз Нұрсейіт.

Айта кетейік, мүгедек балаларды күтіп отырған бірнеше отбасы Ақтауға шипажайға барған. Паразиттер сол жақта жұққан.

Үйге оралған соң жалғызбасты ана өз денесінде де жәндіктерді көрген. Ол қызымен бірге күніне бірнеше рет ыстық душ қабылдап, паразитке қарсы ондаған ем шара жасауға мәжбүр болды.

Павлодарлық тағы бір отбасы да паразиттерге қатысты шағымданды. Бірақ шипажай әкімшілігі бұл жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме бермеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931550-adam-sengisiz-oqiga-pavlodarlyq-otbasy-teri-astyndagy-zandikterden-eki-ai-boiy-zardap-segip-keledi/

pixel