Тұман, үсік, жел: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Қазгидромет синоптиктері ауа райы болжамын жасап, бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
Нұр-Сұлтан қаласында 12 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.
12-14 қыркүйекте Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында 2 градус үсік күтіледі.
12 қыркүйекте түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
12-13 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, 12 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 12-13 қыркүйекте облысытың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күңдіз 12 қыркүйекте Павлодар облысында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
12 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
12 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Түнде 12 қыркүйекте Қостанай облысының батысында 2 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931584-tuman-usik-zel-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/