jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

жауын
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер бүгін, 12-қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болатынын болжады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Мамандардың болжамынша, шығыс жарты шарда және солтүстік аймақтарда, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай болады.

Еліміздің батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Түнде және таңертең Солтүстік және Орталық аймақтарда тұман болуы мүмкін.

Синоптиктер республиканың шығыс жартысы мен солтүстік өңірлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысында күндіз екпіні жел 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі, түнде тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде солтүстігінде, күндіз

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. орталықта желдің күшеюі 15-20 м/с.  

Қарағанды облысының солтүстігінде,  солтүсті-батысында тұман күтіледі, солтүстігінде, шығысында және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысында түнде және таңертең солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі, түнде және күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жел күшейеді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман күтіледі, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.

"Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады" делінген хабарламада.

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.