RU

13 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүруіне байланысты дауылдық ескерту жарияланды

Үсік
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазгидромет синоптиктері 13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.

13 қыркүйекте Қостанай облысының оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с.

13 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік жартысында 2 градус үсік күтіледі.

13 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік жартысында 2 градус үсік күтіледі.

13 қыркүйекте Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс көлемінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түнде 13 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 2 градус үсік күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

12-13 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, 12 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 12-13 қыркүйекте облысытың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931639-erten-elimizdin-birqatar-onirinde-usik-zuruine-bailanysty-eskertu-zariyalandy/