Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстанда тәліптер бала ұрлаған бес адамды өлім жазасына кесті

Опубликовано:

Ауғанстан
Көрнекі фото: HOSHANG HASHIMI/AFP via Getty Images

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) балаларды ұрлаған топты өлім жазасына кесті. Олардың қолынан төрт бала құтқарылды деп хабарлайды Aamaj News Twitter желісіндегі парақшасында.

Мазари-Шарифтың тоғызыншы ауданында бала ұрлаумен айналысатын топқа төрт ауған азаматы мен бір әйел кірген. Олардың бәрі өлім жазасына кесілген.

ТАСС ақпарынша, дәл сол қалада тәліптер "Ауғанстанның ислам қауымдастығы" партиясы көшбасшыларының бірі Ата Мохаммад Нурға қойылған естелік тақтайшасын құлатқан.

Ал осыған дейін Ұлттық қарсылық майданы тәліптердің этникалық тазалау жұмысын жүргізіп жатқанын мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, Ауғанстандағы жағдай Америка Құрама Штаттарының әскері елден шығарылған соң күрделене түсті. "Талибан" жауынгерлері ашық шабуылға шығып, қысқа уақыт ішінде мемлекет аумағының көп бөлігін бақылауға алды.

Кейбір провинциялар мен қалалар қозғалыс күштеріне қарсылық көрсетпей-ақ берілді.

15 тамыз күні "Талибан" Ауғанстан астанасы - Кабулды ұрыссыз бағындырды.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани Кабулға тәліптердің енуіне байланысты президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Ал "Талибан" қозғалысы Ауғанстанда 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931753-auganstanda-talipter-bala-urlagan-bes-adamdy-olim-zazasyna-kesti/

pixel