Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда жалған вакцина паспортын жасаған дәрігерлер ұсталды

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: piqsels.com

Маңғыстау облысында жалған вакцина құжатын жасаған 8 дәрігер ұсталды. Олар жекеменшік және мемлекеттік медицина мекемелерінде еңбек еткен деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір барлығына тұрғылықты жерінен кетпеу туралы қолхат табысталған.

Тергеу кезінде күдіктілер құжатты 30 мыңнан 50 мың теңгеге дейін саудалағандығы белгілі болды. Қылмыстық істе делдалдардың болғандығы да анықталып отыр.

Олар да көз бояушылықтан табыс тауып келген. Екі ай ішінде дәрігерлер 150-ден астам вацинаны жойып, құжатын саудалағандығы анықталды.

Қазір полицейлер деректерді тексеруге кірісті. Күдіктілер кінәлі деп табылса, әрқайсысы 120 мың теңге көлемінде айыппұл төлеп, қоғамдық жұмыстар міндеттелетін болады.

"Аталған факт бойынша ҚР ҚК 385 бабының 2 бөлігі немесе Бірнеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасалған жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Ақтау қаласы ПД бастығының орынбасары Алтынбек Қалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931841-mangystauda-zalgan-vakcina-pasportyn-zasagan-darigerler-ustaldy/

pixel