Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бір өңірінде карантин талаптары жеңілдетілді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Батыс Қазақстан облысында карантин талаптары жеңілдетілді деп хабарлайды Хабар 24.

Өңірде өткен тәулікте 69 адам коронавирус жұқтырған. Салыстырмалы түрде ауру өсімі біраз төмендеп келеді.

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған соңғы мәліметтерге сәйкес, қатерлі инфекцияның таралу қаупі жағынан облыс "сары" аймақта орналасқан.

Бүгіннен бастап карантин талаптары жеңілдетілді. Сауда үйлері қалыпты жұмыс кестесіне оралған. Ал қоғамдық тамақтану орындарының қызметі "Ашық" жүйесінің нәтижесіне қарай 2 сағатқа ұзартылды.

Сандық қосымшаны енгізбеген кәсіпкерлік нысандарына демалыс күнгі шектеулер сақталады. Жиналыстар мен семинарларды бұдан былай офлайн форматта өткізуге де рұқсат. Тек санитарлық талаптарды қатаң сақтау міндетті.

"Қоғамдық тамақтану орындары және боулинг, билярд, компьютерлік клубтар егерде бұрын кешкі 22.00-ге дейін жасаған болса, қазіргі таңда 00.00-ге дейін ұзартылып, сонымен қатар көшбасшыларға 02.00-ге дейін рұқсат берілген. Бұрындары барлық жиналыстар онлайн форматта өткізілетін болса, енді №42 Қаулы бойынша, алгоритмге сай офлайн форматта да өткізуге болады", - деді Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931852-elimizdin-bir-onirinde-karantin-talaptary-zenildetildi/

pixel