Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда психотропты дәрілерді заңсыз сатқан жас қыз ұсталды

Опубликовано:

Дәрі
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда 24 жастағы бойжеткен психотропты дәрілерді заңсыз сатқан деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 11 қыркүйекте психотропты дәріні заңсыз сатқан бойжеткенді ұстаған.

"Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында 1997 жылы туған бойжеткеннің 50 дана трамадол және трапикамед дәрі-дәрмегін заңсыз сатып жүргені анықталды.

Аталған азаматшаға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу) хаттама Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік шешім қабылдау үшін жолданды", -дейді Қамза Үмбетқалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931884-atyrauda-psixotropty-darilerdi-zansyz-satqan-zas-qyz-ustaldy/

pixel