RU

Жамбыл облысындағы жарылыс: Президент әскерилер мен өрт сөндірушілерді наградтады

Әліби Кеңес
Әліби Кеңес: Instagram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жарылыста ерлікпен қаза тапқандарды мемлекеттік наградамен марапаттады деп хабарлайды Ақорда.

Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

І дәрежелі «Айбын» орденімен

Әлімбеков Саят Жанатұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

Заикин Сергей Владимирович (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы

Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері;

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Әділбек Әділет Қанатбекұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы

Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы

Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм) –Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері

Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндірушісі-құтқарушысы.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931917-prezident-zambyl-oblysyndagy-zarylystan-qaza-tapqandardy-marapattady/