Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой: Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

Жарияланған күні:

Коронавирус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақстанда соңғы 2 апта ішінде дертті жұқтырудың өсімі 35%-ға, ал соңғы бір аптада 14%-ға төмендеді. Вирустың репродуктивті индексі – 0,87. Бұл пандемияның бақылауда екенін және дертті жұқтыру көрсеткіші тұрақты түрде төмендеп жатқанын байқатады. Инфекциялық және реанимациялық төсектердің жүктемесі 35%-ға дейін төмендеді", - дейді Алексей Цой.

Үкімет отырысында келтірілген мәліметтерге сенсек, елде инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеген 48 стационар коронавируссыз пациенттерді қабылдайтын стандартты бейіндік режимге көшірілген.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда вакцинаның бірінші компонентін 7,1 млн жуық адам, екінші компонентін 6 млн адам алған. Осы орайда үкімет басшысы Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында вакцинамен қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті.

Мамин қазіргі басты міндет "қызыл аймақта" орналасқан өңірлерде сырқаттанушылық деңгейін тұрақты төмендету екенін атап өтті. Бұл үшін санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарында тұрақты бақылауда болуы тиіс. Үкімет басшысы білім беру ұйымдарында санитарлық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Айта кетсек, бүгінде коронавирустың таралу қарқыны бойынша Түркістан облысы "жасыл аймақта", Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары "сары аймақта" орналасқан. Қалған 11 аймақ "қызыл аймақта" тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931922-coi-qazaqstandagy-sanitarlyq-epidemiologiyalyq-zagdai-zaqsaryp-keledi/