Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдар жерде жатыр: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Опубликовано:

Жол апаты
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_almata

Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Қайғылы оқиғаға қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Куәгерлер артқы бөлігі ағашқа ілініп қалған көлікті видеоға түсірген. Бірнеше ер адам жерде жатқан зардап шегушілерге көмектесуге тырысуда. Автордың сөзінше, қайғылы оқиға Алматы-Бішкек тас жолында болған.

Алматы облысының полиция департаментінің хабарлауынша, жол апатынан төрт адам зардап шеккен. Олардың бірі қайтыс болған.

"14 қыркүйек күні сағат 07:30-да Toyota Avensis Verso көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Көлікті Райымбек ауданының 41 жастағы тұрғыны басқарған. Ол Алматы-Бішкек тас жолымен шығыс бағытта келе жатқан. Тас жолдың 44-шақырымында, Қасымбек ауылына жақын жерде жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан 22 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізу кезінде алған жарақатынан көз жұмды. Жүргізуші мен тағы екі жолаушы (32 жастағы әйел мен 23 жастағы ер адам) әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігімен (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол-қауіпсіздік ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931927-adamdar-zerde-zatyr-almaty-oblysynda-zantursigerlik-zol-apaty-boldy/

pixel