Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметінен кетті

Опубликовано:

Жанболат Тілеулес
Фото: zko.kgd.gov.kz

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметінен босатылды. Оның өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініші қанағаттандырылды. Жанболат Тілеулес сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қоластындағы қызметкерге қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қызметінен кетуді ұйғарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстан Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының өтініші тәртіптік комиссияда қаралғанын хабарлады.

"Өтініш қаралып, қанағаттандырылды. БҚО МКД басшысы өз қызметінен босатылды. Болашақта ол мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істей алады, себебі сот оның қоластындағы сотталған қызметкердің сыбайлас жемқорлығына қатысы бары дәлелденбеді", - дейді Қазақстан Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов..

2021 жылдың 27 тамызында Орал қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының экс-басшысы Нұрлан Әлхиевке қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.

Ол коммерциялық фирманың директорынан қызметке қойылған шектеулерді алып тастағы үшін 1000 доллар пара алғанына кінәлі деп танылды. Сотталушыға 23,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім жарияланғаннан кейін бұрынғы шенеунік қамаудан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932155-bqo-memlekettik-kirister-departamentinin-bassysy-qyzmetinen-ketti/

pixel