Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әуезов ауданы әкімдігі онлайн-халық санағынан өтуге шақыратын видео жариялады

Опубликовано:

Видео
Видеодан кадр: instagram.com/akimat_auezov

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты онлайн-халық санағынан өтуге шақыратын бейнероликті іске қосты. Бұл туралы ведомство Instagram парақшасында хабарлады.

"Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерден sanaq.gov.kz сайтынан онлайн режимде халық санағынан өтуді сұраймыз. Сайт тәулігіне 24 сағат бойы қол жетімді", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында дәстүрлі аралау кезінде интервьюерлердің сұрақтарына жауап бере алады.

"COVID-19 жұқтыру қаупін азайту үшін сіздерден саналы түрде онлайн форматта халық санағынан өтуді сұраймыз! Өйткені интервьюерге барған кезде әрбір респондентке 30-40 минут уақыт кетеді. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін онлайн халық санағынан өтуге шақырамыз!", - деп хабарлады Әуезов ауданының әкімдігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932171-auezov-audany-akimdigi-onlain-xalyq-sanagynan-otuge-saqyratyn-video-zariyalady/

pixel