Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ираннан Ақтауға 53 қандас келді (фото)

Жарияланған күні:

Қандастар
Фото: ҚКО

15 қыркүйек күні таңертең Маңғыстау облысына Ираннан 53 қандас келді. Оның 25-і бала. Бұл туралы өңірлік қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтау әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақовтың сөзінше, этникалық қазақтар Горган қаласынан келген.

"Олар 2-3 күн Ақтауда, уақытша жатақханада болады деп жоспарлануда. Оларға барлық жағдай жасалған. Содан кейін Нұр-Сұлтан арқылы Солтүстік Қазақстан облысына барып, сонда тұрақтайды", - деді Байпақов.

Қандастар
Фото: ҚКО

Жалпы Маңғыстауға 20 отбасы келген. Тарихи Отанына оралғандар арасында Хадиша Адай да бар.

"Мен Түркіменстанда өмірге келдім. Бірақ жұмысыма байланысты Бонджнурд қаласына кетуге мәжбүр болдым. Онда 20 жылдан астам уақыт тұрдым. Мен және менің үлкен отбасым тарихи Отанымызға келдік. Біз бақыттымыз. Жақсы қарсы алғандарыңыз үшін рақмет", - дейді келіншек.

Ираннан қоныс аударған қандастар мемлекттік квота бойынша Солтүстік Қазақстан облысына орналастырылады.

Қандастар
Фото: ҚКО

Еске сала кетсек, бұған дейін Ауғанстаннан Алматыға 35 этникалық қазақ келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932237-irannan-aqtauga-53-qandas-keldi-foto/