Дәрігер: Вакцина адам ағзасының иммундық жүйесін күшейтеді
Жарияланған күні:
Вакциналар адам ағзасының иммундық жүйесін күшейтеді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматыдағы Қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты №5 қалалық клиникалық аурухананың дәрігер-инфекционисі Ольга Антипова айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Спикердің сөзінше, вакциналар жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтап қалады. Олар адам ағзасына бірдей әсер етеді.
"Вакциналар адам ағзасының иммундық жүйесін күшейтеді, дертке қарсы тұрады. Екпе салдырған адам аурудың алдын алады», - деді дәрігер.
Ольга Антипова қазіргі уақытта Қазақстанда Hayat-Vax, QazVac, СoronaVak, Vero Cell және "Спутник-V" векторлы вакцинасы қолданылатынын жеткізді.
"Әр емханада екпе пункттері ашық, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін екпе пункттері сауда орталықтары мен базарларда орналасқан. Мысалы, №5 қалалық клиникалық ауруханада екі екпе пункті бар, тағы бір екпе пункті "Достық Плаза" сауда орталығында орналасқан.
Барлық екпе пункттері вакцинаның түріне байланысты температураны сақтау шарттары бар тоңазытқыш қондырғыларымен жабдықталған: инактивті вакциналар үшін плюс 2°C-тан плюс 8°C-қа дейін және "Спутник-V" векторлық вакцинасы үшін минус 18°C және одан төмен", - деді спикер.
Сонымен қатар, ол вакцина алу алдында сауалнама жүргізілетінін тілге тиек етті.
"Дәрігердің міндетті вакцина алуға келген адамның дене температурасын өлшеу, эпидемиологиялық анамнез жинау, қан қысымын өлшеу.
Барлық деректі талдай отырып, дәрігер вакцинацияға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды. Иә, біз кейбір адамдардың вакцинадан кейін сырқаттануын көріп жатырмыз, бірақ олардың саны аз және олар жеңіл түрде ауырады. Сондықтан мен жұртшылықты екпе салдыруға шақырамын. Өйткені, ұжымдық иммунитетке қол жеткізгенде ғана біз пандемияға қарсы тұра аламыз", - деді дәрігер-инфекционист.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932262-dariger-vakcina-adam-agzasynyn-immundyq-zuiesin-kuseitedi/