Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеткіншектер вейп шегуді сәнге айналдырған: Қоғам белсенділері дабыл қақты

Жарияланған күні:

вейп
Көрнекі фото: pixabay.com

Кәмелетке толмаған жеткіншектер дүкеннен емін-еркін вейп сатып алып, қысылмай шегіп жүр. Соңғы жарты жылда жастар арасында түтіні будақтаған қор-қор іспеттес осы затты тарту сәнге айналды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қоғам белсенділері уақытында шектеу қойып бақылауды күшейтпесе, нашақор ұрпақ өсіреміз деп дабыл қағуда. Дамыған кейбір елдерде вейп саудасына заң жүзінде түбегейлі тыйым салынып, оған бағынбағандар қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Өйткені оның қатерлі ісік тудыратыны дәлелденген.

Ал біздегі мамандар бір реттік вейптің құрамы әлі толық зерттеліп бітпегендіктен, оны не темекі өніміне жатқызарын білмей отыр.

"Қазір бір реттік электронды темекінің құрылымын оңтайландырды. Оларды қуаттаудың да, сұйықтық құюдың да қажеті жоқ. Біткен кезде лақтыра саласың", - дейді электронды темекі сататын дүкен қожайыны Жандос Сапарқұлов.

Мұндай ресми дүкендерге заңсыз жолмен тауар әкелетіндер әлек болды. Мәселен, 3500 теңгеге саудалайтын вейпті жәй дүкендер 1,5-2 есе арзанға сатады. Сорақысы сол, оқушылар сұраса да соқыр теңгеге бола еш қысылмай бере салады.

"Өз басым ондай жағдайды көрдім. Кішкентай балалар вейпті сұрап тұрған, оған сатқан сәтті фотоға түсіріп алдық. Көбіне кішігірім дүкен, дүңгіршектер ережені елемей, осындай заңсыздыққа барады. Негізгі проблема солардан басталып тұр", - дейді электронды темекі сататын дүкен қожайыны Жандос Сапарқұлов.

Шектеудің ақсағандығынан қазір оқушылар арасында қолжетімді вейп шегу теріс трендке айналды. Қоғам белсендісі Асхат Нұрмағанбетовтың сөзінше, жағдайды қазір ауыздықтамаса, кейін кеш болады.

"Ол жерде ешқандай да балаларға, жасөспірімдерге шектеу жоқ деп осы балалардың өзі айтады және балалардың өзі соған сенімді. «Бұл бірреттіктің денсаулыққа зияны жоқ» - деп айтады. Өйткені бұл жөнінде заң бабын да оқыдық, бұл жөнінде видеоблогтар, мен өзім қарадым, Youtube та, жас балалар бұған шолу жасап жатыр, 12 жастағы балалар", - дейді Асхат Нұрмағамбетов.

"Вейптің құрамында глецирин бар, ол тартқан кезде қатты температураның әсерінен химиялық және физикалық күйде өзгеріске ұшырайды. Сол кезде химиялық, физикалық реакцияның нәтижесінде ағзаға зиянды ішінде қоспалар, спирттер, ұшқыш заттар пайда болады. Тыныс алу жолдарын зақымдайды. Қанға сіңгендіктен және басқа да мүшелерін улайды", - дейді Алматы қаласы психикалық сауықтыру орталығының нарколог-дәрігері Данияр Сүйінбеков.

Кейбір мемлекеттер вейптің өз елінің аумағына кіргізілуіне тыйым салған. Өйткені жоғарғы тыныс жолдары мен өкпенің қатерлі ісігін тудыратыны дәлелденген.

Бір реттік вейпті "бір рет көрем" деуден басталатын әуестік тәуелділікке әкеліп соғуы мүмкін.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932308-zetkinsekter-veip-segudi-sange-ainaldyrgan-qogam-belsendileri-dabyl-qaqty/