Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда 21 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Анастасия Черная
Анастасия Черная. Фото: Отбасының жеке мұрағатынан

Оралда төрт күн бұрын жоғалып кеткен 21 жастағы Анастасия Чернаяға іздеу салынды. Қыздың анасының сөзінше, қазір оның телефондары сөндірулі тұр деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Светлана Лобанованың айтуынша, қызы бірінші рет жоғалып отыр. Ол жігітімен бірге тұратын пәтерден шығып кеткен.

"Олар Чапаев атындағы ауданда пәтер жалдап тұрды. Үйден шығар алдында Настя жігітіне үйге қайтып келетінін айтқан. Содан кейін телефондары сөндірілген.

Қызым өзімен бірге борсеткасын, жеке куәлігі мен рюкзак сөмкесін алған. Ол қара күртке, трико мен кроссовка киген. Таныстарымыздың ешбірі Настяны көрмеген", - дейді әйел.

Ал Батыс Қазақстан облысы полиция департменті 15 қыркүйекте Ветелки ауылы маңындағы орман алқабынан белгісіз жас әйелдің денесі табылғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта жеке-басы мен өлім себебін анықтау үшін дене сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді ведомство.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда 34 жастағы ер адам жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін жазған едік.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Елдар Ақылбеков 2 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жоғалған азамат үйінен шыққан кезде үстінде уақ тор көзді жейде, күрең қызыл джинсы, аяғында қоңыр түсті кроссовкасы болған.

Іздестіру жұмыстарына департамент мамандарынан бөлек, еріктілер де қосылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1932385-oralda-21-zastagy-qyz-iz-tuzsiz-zogalyp-ketti/

pixel