Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда 34 жастағы ер адам жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Опубликовано:

Елдар Ақылбеков
Елдар Ақылбеков. Фото: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Атырауда 34 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, 2 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында Атырау қаласының тұрғыны Елдар Ақылбеков үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

"Төтенше жағдайлар департаментіне 11 қыркүйекте жоғалып кеткен 34 жастағы ер адамның анасынан іздестіру жұмыстарын жүргізу туралы арыз түсті. Оның ұлы Елдар Ақылбековтің Атырау қаласының қай жерінен жоғалғаны белгісіз. Жоғалған азамат үйінен шыққан кезде үстінде уақ тор көзді жейде, күрең қызыл джинсы, аяғында қоңыр түсті кроссовкасы болған" – дейді ТДЖ баспасөз қызметі.

Іздестіру жұмыстарына департаменттің кинологиялық қызметі, өзге қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылған. Сондай-ақ, волонтерлік ұйымдар тартылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында төрт баланың әкесі іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

39 жастағы Өмірсерік Әлімқұлов үйінен Мерседес-230 көлігімен вахтадағы жұмысына шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен.

Кейін полиция қызметкерлері Шалғы ауылынан 50 шақырым жерден оның көлігін тапты.

Полицияның мәліметінше, көліктің ішінде ешкім болмаған, көлікке көзге көрінетін зақым келмеген және бұзылмаған. Есігі құлыптанған.

Ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932094-atyrauda-34-zastagy-er-adam-izdestirilip-zatyr/

pixel