Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында қойшылар қожайынын өлтірді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Қылмыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысы Іле ауданында полицейлер 65 жастағы зейнеткердің өліміне қатысты оқиғаның мән-жайын анықтады деп хабарлайды NewTimes.kz.

Басылымның жазуынша, 9 қыркүйек күні сағат 18:00-де Кербұлақ аудандық полиция бөліміне егіс алқабында азаптау белгілері бар ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат түскен.

Полиция қызметкерлері аталған фактіні Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркеген. Тергеу амалдары басталған.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы марқұмның тұлғасын анықтады. Ол Іле ауданының 65 жастағы тұрғыны болып шықты. Жұбайының сөзінше, жары қойшымен бірге екінші қойшының артынан Жаркентке кеткен.

Жергілікті жерді аралау кезінде ЖІІБ жедел уәкілдері Қоңырөлең ауылында мас күйде келе жатқан күдікті адамды ұстаған. Оны қайтыс болған азаматтың әйелі таныған. Ол марқұммен бірге кеткен қойшы болып шыққан.

"Ұсталған күдікті ер адамды өлтіргенін мойындады. Ол екінші шопанмен қайтып келе жатқанда үшеуі бірге спиртті ішімдік ішкенін айтты. Ауылға жақындағанда олардың арасында марқұмның шопандарға аз жалақы төлеуіне байланысты жанжал туындаған. Осылайша, екеуі қожайынын тұншықтырып өлтірген", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Осыдан кейін күдіктілер телефон мен ақшаны алып, мәйітті егіс алқабына тастап, оның көлігін айдап кеткен. Ұрланған қаражатқа олар арақ сатып алып, өз бағыттарын жалғастыра берген. Ал Қоңырөлең ауылына жеткенде көлік бұзылып қалған.

"Полицейлер екінші күдіктіні, Панфилов ауданы Шолақай ауылының 44 жастағы тұрғынын марқұмның көлігінде ұйықтап жатқан жерінен тауып алды", - дейді ведомстводан.

Күдіктілер қамауға алынған. Полиция олардың бұған дейін ұрлық пен басқаның мүлкін тонау, мал ұрлау деректері бойынша істі болғаны анықтаған. Екінші күдікті ішімдікке әуес адам ретінде есепте тұрған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер істі Қылмыстық кодекстің "Адамдар тобымен кісі өлтіру" бабына ауыстырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932404-almaty-oblysynda-qoisylar-qozaiynyn-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/

pixel