Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарылғаны рас": Бизнесменнің ауласындағы снарядтарды көрсеткен Жетінші арнаның журналисі тергеуге алынды

Жарияланған күні:

Данияр Әлімқұл
Данияр Әлімқұл: vk.com

Жетінші арнаның журналисі Данияр Әлімқұл Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылысқа байланысты тергеуге алынды. Бұл туралы танымал журналист Ирина Советжанқызы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті әріптестер, Жамбылдағы жарылыстың жаңғыры басылмай жатып әріптесіміз Данияр Әлімқұл әлі белгісіз себеппен тергеуге алынды. Телефоны тәркіленіп, өзінен тіс жармауға қол хат жаздырып алынған.

Бізге белгілісі Даниярдың құзырлы органдарынан шақырту алғанына Байзақтағы кәсіпкердің ауласындағы снарядтарды көрсетуі себеп. Сонда егер қауіпті затты көрсең үндемей кету керек пе? Жемқорлықты, ұрлықты, жалпы қылмысты істі көрсең айналып өтуіміз керек пе?

Снарядтың дүмпуінен Даниярдың сюжеті елге, қоғамға қауіп төндірді ме? Бүгінде БАҚ пен жергілікті билік арасы күннен күнге алшақтап бара жатқаны, сорақысы оған жауаптылардың қыңқ демей отыруы алаңдатады. Сондықтан, бүгін сағат 15:00 де Жамбыл облыстық прокуратураның алдында әріптесімізді қолдауға шақырамыз. Жарылғаны рас. Жарған Данияр емес", - деп жазды Ирина Советжанқызы.

Көптеген журналистер әлеуметтік желде Даниярға қолдау көрсетуде. Журналист Жарас Ниязбектің мәліметінше, Данияр Әлімқұлдың үстінен Жамбыл облыстық әкімдігі шағым түсірген.

Айта кетелік, Данияр Әлімқұл 26 тамыз күні Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан соң белсенді түрде жұмыс істеді. Ол өзінің ауласына жарылған снарядтарды үйіп қойған жергілікті кәсіпкер туралы да хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932434-zarylgany-ras-biznesmennin-aulasyndagy-snaryadtardy-korsetken-zetinsi-arnanyn-zurnalisi-tergeuge-alyndy/