Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына құжат қабылдау жалғасуда

Жарияланған күні:

Жастар
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жариялаған "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау жалғасуда деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тағайындалған грант биыл 30 адамға берілетін болады. Әрбір грант үшін 3 млн теңге сомасында қаражат қарастырылған.

Грант берудің мақсаты - белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау.

Конкурсқа конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын Қазақстан азаматы қатыса алады.

Гранттар Қазақстан азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде келесі бағыттар бойынша беріледі:

  • "Ғылым" – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыру үшін;
  • "Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;
  • "Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;
  • "Бизнес" – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;
  • "Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдерді 20 қыркүйекке дейін generation.kaz@gmail.comэлектрондық поштасына қабылданады.

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

1) нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

2) жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды);

3) шығыстар сметасының жобасы;

4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуға тиіс.

Конкурс туралы толығырақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтындағы (qogam.gov.kz) "Жастар саясаты" бөлімінен, сондай-ақ келесі нөмірлер арқылы 8 7172 74-05-25, (87058223333) біле аласыз.

Еске салсақ, мемлект басшысы ағымдағы жылдың 5 қаңтарында әлі танылмаған талантты жастарды қолдау үшін грант тағайындауды тапсырған болатын. Нәтижесінде ел үкіметі 2021 жылғы 8 шілдедегі №469 "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау туралы" қаулы қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932493-tauelsizdik-urpaqtary-grantyna-quzat-qabyldau-zalgasuda/