Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мектептен шыққан соң ұшты-күйлі жоғалған 14 жастағы қызға іздеу салынды (фото)

Жарияланған күні:

Зоя Яркова
Зоя Яркова. Фото: Жеке мұрағат/ KAZ.NUR.KZ

Алматының Алатау ауданында мектептен шығып кеткен Зоя Яркова есімді 14 жастағы қызға іздеу салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жасөспірімнің анасы Кристина Позднякованың сөзінше, Зоя екінші ауысымда оқиды.

Мектептен алыс тұратындықтан, ата-анасы Зояны мектепке жеткізіп салып, сабақтан кейін алып кетіп жүрген. Алайда, 16 қыркүйек күні Зоя мектепте болмай шыққан. Сыныптасының айтуынша, ол сыныптан су ішу үшін сұранып шыққан, бірақ өзімен сөмкесін ала кеткен.

Осыдан кейін Зоя сабаққа қайта оралмапты. Ал анасы Зояның жоғалуына оның жаңа танысы себепкер болуы мүмкін екенін айтып отыр.

Жоғалған күні Зоя Яркованың үстінде қара жеңіл жейде мен қара джинсы, аяғында қара түсті аяқ киім, ал қолында қара сөмке болған.

Оның шашы қызғылт сары түске боялған, дене бітімі орташа.

Полицияның мәліметінше, қыздың ата-анасы құзырлы органға түнде шағымданған.

"Қазіргі уақытта іздеу шаралары ұйымдастырылды. Мән-жай анықталуда. Қыздың жан-жағындағы адамдардан сұрастырып жатырмыз", - дейді Алатау аудандық полиция басқармасынан.

Зоя Яркованың жақындары қандай да бір ақпарат білетін адам болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: +7 747 511 15 52 (анасы), +7 777 511 15 52 (әкесі), +7 747 644 27 57.

Айта кетейік, бұған дейін елордада 27 жастағы жігіттің іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932568-almatyda-mektepten-syqqan-son-usty-kuili-zogalyp-ketken-14-zastagy-qyzga-izdeu-salyndy-foto/