Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда денсаулығына байланысты есепте тұрған 27 жастағы жігіт жоғалып кетті

Опубликовано:

Данияр Мұқан
Фото: Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті

Елордада із-түзсіз жоғалып кеткен 27 жастағы жігіт іздестірілуде деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, іздеу салынған тұрғынның аты-жөні - Данияр Мұқан Қуанышұлы.

Ол 2021 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 02:45 шамасында үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Оның қайда екені белісіз.

Жігіттің бойы 193 см, дене бітімі арық, шашы қара, көзі қоңыр. Үстінде қара жеңіл күрте, қызыл жеңіл жейде, қою көк түсті джинсы, аяғында ақ-қара түсті кроссовка бар.

Полицияның мәліметінше, ер адам денсаулығына байланысты есепте тұрады.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері Данияр Мұқан туралы қандай да бір ақпарат білетін жандар болса Есіл ауданының полиция басқармасына 8(7172) 71-65-53, 71-65-57, 71-65-58, +7 (702) 199 19 11 немесе "102" нөміріне хабарласуды сұрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда 34 жастағы ер адам жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін жазған едік.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Елдар Ақылбеков 2 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жоғалған азамат үйінен шыққан кезде үстінде уақ тор көзді жейде, күрең қызыл джинсы, аяғында қоңыр түсті кроссовкасы болған.

Іздестіру жұмыстарына еріктілер де қосылған.

Одан бөлек, Алматыда 14 жастағы қыз іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932545-nur-sultanda-densaulygy-boiynsa-esepte-turgan-27-zastagy-er-adam-zogalyp-ketti/

pixel