Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Опубликовано:

Қаржы пирамидасы
Көрнекі фото: polisia.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі кезекті қаржы пирамидасын анықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар алаяқтық схемаларды әртүрлі жолдармен жасырады. Бұл зергерлік бұйымдарды, туристік жолдамаларды, бағалы қағаздарды сатып алу/сату қызметтері, сондай-ақ криптовалюталар мен биткоиндерді сатудың жаңа тәсілдері болуы мүмкін.

Бұл ретте, олар көздейтіні тек қана бір мақсат – сенгіш азаматтарды «табысы тым жоғары» жобаға алдап тарту, ал жоба елеулі қаржы шығындарына әкеп соғады. Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті «Антарес» қаржы пирамидасы қызметінің жолын кесті. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке тартқан. Бірақ іс жүзінде олар қаражатты қайта бөлу және бір қатысушыларды басқа салымшылардың жарналары есебінен байыту арқылы табыс тауып отырған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта аумақтық департамент барлық зардап шеккен адамдарды және келтірілген залал сомасын анықтауға бағытталған шаралар қабылдап келеді.

Осыған байланысты, аталған пирамиданың қызметіне ақшалай салымдарды жүзеге асырған барлық азаматтар Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі, 43 мекенжайы, +7 7172 76 79 33 телефоны бойынша ҚМА аумақтық департаментіне жүгінуі қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932638-elordada-tagy-bir-qarzy-piramidasy-anyqtady/

pixel