Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда зейнетақы жинағын тұрғын үйге пайдалану ережелері өзгеруі мүмкін

Жарияланған күні:

Ақша
Көрнекі сурет: Sputnik / Абзал Калиев

Қазақстанда БЖЗҚ жинақтарын тұрғын үйге пайдалану ережелері өзгеруі мүмкін. Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

Бұйрық жобасында тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін келесі мақсаттарда пайдалануға рұқсат етілгені көрсетілген:

  1. тұрғын үйді сатып алу-сату, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша (ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдемей) тұрғын үйді меншікке сатып алуға байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша түпкілікті есеп айырысу;
  2. бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғынжайды және (немесе) тұрғынжайды сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу, бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғынжайды және (немесе) тұрғынжайды сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу, ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру үшін бастапқы жарнаны енгізу;
  3. қаражат жинақтау, алу, берешекті ішінара немесе толық өтеу, тұрғын үй сатып алу (оның ішінде бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу), жеке тұрғын үй салу (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы салымдарға аудару;
  4. ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үй сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мәмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу;
  5. тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген тұрғын үйді жекешелендіру, төлеу мерзімін ұзарта отырып сатып алу-сату, сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша ішінара немесе толық өтеу;
  6. оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын тарта отырып, сондай-ақ осындай ипотекалық тұрғын үй қарызын немесе қайта қаржыландырылған ипотекалық тұрғын үй қарызын ішінара немесе толық өтеу үшін жеке тұрғын үй салу (меншігінде нысаналы мақсаты бар жер учаскесі болған кезде – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық);
  7. ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдемей, кейіннен тұрғын үйді пайдалануға беру туралы актіні бере отырып, сатып алу-сату, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша жер учаскесін меншікке сатып алу (нысаналы мақсаты – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық);
  8. жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен тіркеген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша, оның ішінде қарыздар алу және бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторы кепілдік берген салынып жатқан объектіде тұрғын үй сатып алуға осындай қарыздар бойынша міндеттемелерді төлеу үшін тұрғын үйдің (пәтердің) құнын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады.

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы осы қағидаларда көзделген мақсаттарға жеткіліксіз болған кезде меншікті қаражатын пайдалануға жол беріледі.

Осы қағидалардың 5-тармағының 1), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген мақсаттар бойынша алушыға өз қаражатымен есеп айырысқаннан кейін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға жол беріледі.

Біржолғы зейнетақы төлемдері осы қағидалардың 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген мақсаттар бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты бұзу нәтижесінде пайдаланылмаған жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы 10 (он) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дағы шотқа қайтарылуға жатады.

Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты алушының (өтініш берушінің) жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы болып табылмайтын үшінші тұлғаның пайдасына беруге жол берілмейді.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 29 қыркүйекке дейін созылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932673-qazaqstanda-zeinetaqy-zinagyn-turgyn-uige-paidalanu-erezeleri-ozgerui-mumkin/