Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күннің суытуы, найзағай, тұман: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Жауын
Көрнекі фото: wallpapertip.com

19 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына Солтүстік-батыс циклоны өз әсерін тигізеді, жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай мен тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстік-шығыс және шығысында тұман болып, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдап, облыстың батыс және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Түнде облыстың солтүстігі және орталығында тұман болады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік және орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батыс, батыс және орталығында, Қарағанды облысының оңтүстік және орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және орталығында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932737-zanbyr-naizagai-tuman-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel