Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қала күні Алматының көпбалалы отбасына үш бөлмелі пәтер кілті табысталды

Опубликовано:

Кілтті табыстау сәті
Кадр: almaty.tv

Алматы қаласының екі миллионыншы тұрғыны Аяла Жамбылдың отбасы қоныс тойын тойлайды. Қала күні оларға Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа пәтердің кілтін табыстады деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске салсақ, Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың 21 маусымында дүниеге келген Аяла Жамбыл қаланың екі миллионыншы тұрғыны атанғанын хабарлаған болатын.

Мереке күні қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Аяланың ата-анасына Наурызбай ауданындағы "Алма Сити-5" тұрғын үй кешеніндегі үш бөлмелі жаңа пәтердің кілтін табыстады. Сағынтаев балалар мен ата-аналарға зор денсаулық, отбасына бақыт пен береке тіледі.

Екі миллионыншы алматылық Аяла Жамбыл полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жаныбекованың отбасында дүниеге келді. Ол отбасындағы алтыншы қыз.

Бұған дейін көпбалалы отбасы Қарғалы шағынауданында ата-анасының үйінде тұрған. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында отбасының баспаналы болу арманы орындалды. Енді олар жайлы жаңа үйде тұратын болады.

"Ана ретінде балаларымның туған күндері ең бақытты сәт болса, ал бүгін пәтер кілтін алу - ешқашан ұмытылмайтын ең бақытты күн. Біз қаладан мұндай сыйлық аламыз деп күтпеген едік", - дейді Әлия Жаныбекова.

Айта кетсек, Алматыда жыл басынан бері көмекке мұқтаж 2 340 отбасы жеңілдетілген несие аясында тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932763-qala-kuni-almatynyn-kopbalaly-otbasyna-us-bolmeli-pater-kilti-tabystaldy/

pixel