Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 20 жастағы құрылысшы тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Опубликовано:

құрылыс
Көрнекі фото: astana.gov.kz

Қарағандыда құрылыс алаңдарының бірінде 20 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан құлап кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның дерегінше, қайғылы оқиға 18 қыркүйекте болған.

Қарағанды ​​облысы полициясының баспасөз қызметі бұл фактіні растап, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

"Тиісті сараптамалар жасалады. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп толықтырды ведомство.

Еске сала кетсек, Оралда 8 жасар қыз бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен еді.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, оқиға 19 қыркүйек күні кешкісін, сағат 19:43-те А.Оразбаева көшесіндегі бес қабатты №2а үйінде болған.

Ата-анасының қарауынсыз қалған 2013 жылғы қыз бала төртінші қабат терезесінен құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем бригадасы (3 қызметкер, 1 техника) барған.

Жабық бас-ми жарақатын алған қыз баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1932841-qaragandyda-20-zastagy-qurylyssy-togyzynsy-qabattan-qulap-ketti/

pixel